Түркістан облысында жүргізуші тәртіп сақшысына пара бермек болды

28 Ақпан 2023, 14:05 919

Сауран ауданы аймағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдеп тұрған полицей, көлігінің алдыңғы терезесі жарылған Opel Vectra көлігін тоқтатты. Жүргізушіге заңға сәйкес хаттама толтыру кезінде, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін полицейге пара бермекші болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Патрульдік полиция тарапынан "Пара беру" құқыққа қарсы әрекет екені бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, заң бұзушы ақша ұсынған. Мұның бәрі патрульдік полицейдің бейнежетонына түсірілген. Ақпарат бойынша, тексеру кезінде ер адам өзінің теріс әрекетін толық мойындады.

ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі "Пара беру" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар жүргізушіге заңға сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі "Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

EL.KZ
Бөлісу: