Түркістан облысында жердің құнарлы қабатын сыдырып алу фактісі анықталды

28 Қыркүйек, 20:32 428

Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесінің пайдалануына қатысты тексеру жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны белгілі болды. Департаментпен берілген заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама Серіктестікпен мерзімінде орындалмады.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Серіктестікке тиесілі көлемі 29,0 гектар жер учаскесі мемлекет мемлекет меншігіне қайтарылды. 

Зарина Арман
Бөлісу: