Түркістан облысында жасөспірім мазараттағы көктастарды бояп тастаған

3 Тамыз 2023, 02:02 1050

Түркістан облысында белгісіз біреудің мазараттағы адамдар бейнесі бейнеленген көктасты сызып, бояп тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы жергілікті тұрғын мәлімдеді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.

ҚР ІІМ мәліметінше, мұны 11 жасар кентаулық жасөспірім жасағаны анықталды.

Белгілі болғандай, жасөспірімнің үйі мазарат маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала мазараттан көк түсті бояу тауып алып, жерленген адамдардың көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады, - делінген мәліметте.

Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Берік Арманов
Бөлісу: