03.02.2025
18:00
1400
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Түркістан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, Кентау-Түркістан жолының бойында екі «Ауди» маркалы көлік соқтығысып, көліктер өртке оранды.

Жеңіл көліктің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы беттегі көлікке соғылған. Апат салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 адам түрлі жарақатпен Кентау қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды.

Қазір жол апатының мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.