Түркістан облысында болған жантүршігерлік жол апатынан бір жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
20 желтоқсан күні түскі уақытта Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағындағы Алматы – Ташкент – Термез автожолының 719-шақырымында Toyota Camry автокөлігі өзімен бір бағытта келе жатқан Mersedes-Sprinter жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан микроавтобустың 70 жастағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Одан бөлек екі жүргізуші мен жолаушылар көлігінің 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды.