Түркістан облысында заңсыз ақша айырбастаумен айналысқан 9 адам ұсталды

1 Маусым 2023, 11:02 828

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ақша айырбастау фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, рейд барысында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Жергілікті полиция қызметінің өкілдіремін бірлесіп Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінен заңсыз ақша айырбастаумен айналысатын 9 азаматты анықтады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ екі құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды, - делінген мәліметте.

EL.KZ
Бөлісу: