12.08.2024
19:00
1268

Түркістан облысында үш қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Түркістан облысында үш қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға  Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қызыл жалын үшінші қабаттағы пәтерінен шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, жедел әрекет етуінің арқасында жалынның таралуына жол берілмеді.

Төтеншеліктер 9 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарған. Өрт толықтай сөндірілді.