24.07.2025
23:15
491
Түркістан облысында үш қабатты сауда орталығында өрт шықты

Түркістан облысында үш қабатты сауда орталығында өрт шықты

Түркістан облысы Кентау қаласындағы үш қабатты сауда орталығында өрт шықты. Оқиға Әл-Фараби көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Сауда нысаны ғимаратының жалпы ауданы - 1000 шаршы метр. Соның 270 шаршы метрі аумағын қызыл жалын шарпыған. Сауда орталығының шатыры жанған.

Оқиға орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Өрт сөндірушілер жоғары дәрежемен жұмыс жасады. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 38 адам және 8 техника жұмылдырылды. Өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.