Түркістан облысында үш адамның өмірін жалмаған жол-көлік апаты болды

12 Қаңтар, 09:29 1225

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жедел түрде жеті адам ауруханаға жеткізілді. Бәйдібек ауданының тұсында «ВАЗ» және «Hyundai Sonata» көліктері соқтығысқан. Екеуінің де сау-тамтығы қалмаған. Сол жерде бір адам қайтыс болды, екеуі аурухана жетемін дегенше жан тапсырды. Қазір үш адам аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Санавиациямен облыстан травматолог, абдоминальді хирург, нейрохирург сынды мамандар шақыртылған. Куәгерлердің дерегінше, жол апатына ұшырағандар – Созақ  ауданының тұрғындары. Жол көлік оқиғасының себеп салдарын полиция анықтап жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: