Түркістан облысында таулы аймақтан әйел құтқарылды

Түркістан облысында таулы аймақтан әйел құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары таулы аймақта әйелді эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Түркістан облысы Төле би ауданы Мадени ауылынан 5 шақырым жерде 1993 жылы туған әйел атты серуен кезінде тау жиегіне құлап, түрлі жарақаттар алды.

ТЖМ құтқарушылары зардап шеккенді зембілмен жоғары көтеріп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табыстады.