Түркістан облысында суға кеткен 9 адамның денесі табылды

22 Тамыз 2023, 14:02 967

Түркістан облысында суға кеткен тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар 12:25 минутта 25 жастағы адамның денесін судан алып шықты. Сонымен әзірге суға батып кеткен 11 адамның 9 – ның денесі табылды. Қазіргі кезде 2 кәмелетке толмаған жасөспірім іздестірілуде.

Айта кетейік, суға кеткендердің барлығы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары екені анықталды. Белгілі болғандай, сол сегіз адамның алтауы кәмелетке толмаған (18 жасқа толмаған).

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: