Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның барлығы бір әулеттің мүшелері екені анықталды

22 Тамыз 2023, 09:33 1832

Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның сегізі табылғанын хабарлағанбыз, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Суға кеткендердің барлығы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары екені анықталды.

Белгілі болғандай, сол сегіз адамның алтауы кәмелетке толмаған (18 жасқа толмаған). Үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда, олардың екеуі кәмелетке толмаған.

Оқиға орнына Түркістан облысының басшылығы да барды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: