19.03.2023
22:12
1119
Түркістан облысында сайлау күні 86 сәби дүниеге келді

Түркістан облысында сайлау күні 86 сәби дүниеге келді

Сайлау күнінде Түркістан облысы бойынша 86 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, барлығы 85 ана босанып, 86 нәресте дүние есігін ашқан. 52 ер бала, 34 қыз, оның ішінде 1 егіз дүниеге келді.

«Бүгінде аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы», делінген Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы таратқан ақпаратта.