10.05.2024
13:30
1825
Түркістан облысында қорапшаға салынған сәбидің денесі табылды

Түркістан облысында қорапшаға салынған сәбидің денесі табылды

Түркістан облысында сәбидің өлі денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетпей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.

Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды.

Шымкент полиция департаменті бұл факт бойынша қала тұрғыны анықтап, ұсталғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.