23.05.2025
13:38
806
Түркістан облысында қоқыс полигонының 70%-і талапқа сай емес

Түркістан облысында қоқыс полигонының 70%-і талапқа сай емес

Түркістан облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының 70%-і санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
 
Прокуратура облыстағы тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау полигондарына талдау жүргізген.
 
Облыс аумағындағы 135 полигон инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген, яғни жарық, қоршау, арнайы байланыс құрылғыларымен жабдықталмаған. 81-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз, 11-і экологиялық рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеуде, - дейді прокуратура.
Полигон басшылығына 9 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 11 полигонның қызметі экологиялық рұқсат алғанша тоқтатылды.