Түркістан облысында полиция саудагерден 45 келіден астам насыбай тәркіледі

19 Қазан, 00:46 651

Түркістан облысында полиция саудагерден 45 келіден астам насыбай тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мақтаарал ауданында полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейд жүргізу барысында саудагердің сауда орны мен үйіндегі гаражынан 50-ден астам баклашкаға салынған, яғни 45 келіден астам насыбай өнімін тапты. Орталық базарда сыпырғы сатумен айналысатын тұрғын насыбай өнімін арнайы баклашкаларға салып, сату үшін әзірлеп қойған. Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты “Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау” бабымен шара көрілді.

Тәркіленген тыйым салынған заттар жойылды. Учаскелік полиция инспекторлары халық арасында насыбайды тұтынудың зияны және оны сатуға тыйым салынғаны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Егер сауда ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауапкершілікке тартылатынын тұрғындарға айтылды.

Айта кетсек, облыс аумағында әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, оның ішінде еркін сауда жасауға заңмен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен сауда жасау деректерін анықтау мақсатында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.


Зарина Арман
Бөлісу: