Түркістан облысында оқушы қыз биіктен секіріп кетті

1 Наурыз, 17:14 1142

Келес ауданында оқушы қыз 3-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Жағдайы ауыр болатын. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Тексеру нәтижесінде бас ми жабық жарақаты, жамбас және омыртқаның жабық сынығы анықталды. Алғашқы көмек көрсетіп, емдедік. Қазір сынық-сырқат бөлімінде ем қабылдап жатыр, — деді дәрігер-травматолог Абдусамат Утамуратов. 

Аталған жағдай бойынша Түркістан облысы полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сараптама тағайындалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, -  делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: