Түркістан облысында өндірістік жазатайым оқиғалардан 3 адам қайтыс болған

9 Желтоқсан 2023, 03:32 876

Жыл басынан бері Түркістан облысында 36 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 3 адам қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Айдос Исмаилов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысындағы еңбек инспекторлары 829,7 млн. теңге жалақы қарызын төлемей жүрген 14 кәсіпорынды анықтады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оның 819,1 млн. теңгесі өндіріліп, 6280 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды. Заңға сәйкес жалақы қарызына жол берген мекемелерге 2,38 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі таңда 4 мекеменің 19 жұмыскер алдында 18,6 млн. теңге жалақы қарызы бар. Оларды өндіру бойынша құжаттар сот орындаушыларға жолданған. Атап айтар болсақ, Отырар ауданындағы «Шұғыла Gold» ЖШС 11 жұмыскерге 4,7 млн. теңге, Шардара ауданындағы «Арай Қамқор» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі 6 жұмыскерге 1,0 млн. теңге, Кентау қаласындағы «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы» РММ 1 жұмыскерге 2,4 млн теңге, «Қыран» футбол клубы» МКҚК 1 жұмыскерге 2,4 млн теңге қарыз.

Жыл басынан бері 36 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, салдарынан 38 адам зардап шекті. Сондай-ақ, 3 адам қайтыс болды. Облыс көлемінде биыл еңбек жанжалы орын алған жоқ. Ал, өндірістегі жалақы қарызды өндіру бойынша жұмыстары жалғасуда, - деді Айдос Исмаилов.

Берік Арманов
Бөлісу: