23.02.2024
17:01
2449
Түркістан облысында мешіттен кілем ұрлаған әйел ұсталды

Түркістан облысында мешіттен кілем ұрлаған әйел ұсталды

Түркістанда мешіттің кілемдерін ұрлаған күдікті анықталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 51 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдікке ілінген әйел түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне барып, төсеулі тұрған екі бірдей кілемді ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары күдікті әйелден ұрланған айғақ заттарды тәркілеген.

Қазір полицейлер әйелдің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.