Түркістан облысында мектеп директоры жұмысқа тек туысқандарын алады

16 Қыркүйек, 11:29 3699

Түркістан облысы Төлеби ауданы Ханарық елдімекенінің тұрғындары мектеп директорына шағымданып, ontustiktv.kz-ке сұхбат берді. Тұрғындардың айтуынша, білім ошағын 14 жыл басқарған басшы ұстаздыққа тек туыстарын алады екен. Ел бойынша жүргізілген ротациядан да сытылып өткен.  Бос лауазым орнына өткен конкурста жеңген маманның шешімін жойып, туысын өткізіп жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ханарық ауылының тұрғыны Динара Расулова 4 қыркүйекте Ханарық жалпы білім беретін орта мектептегі бос лауазым орнына өткен конкурсқа қатысып, жеңіп шыққан. Алайда, болашағын ұстаздықпен байланыстырған  оның қуанышы ұзаққа созылмайды. Екі күннен соң мектеп директоры ұялы телефонына конкурс жеңімпазы Орман Бахадүр есімді жігіт екенін жазған. Ал ол жеңімпаз – директор ағасының баласы болып шыққан.    

Барлығы әділ болады қарастырылады ол қаралады. Барлығымыздікі бірдей болып шығады. И әңгімелесу тестін алған кезде мен өзым шығам ол жерден. Екі күннен кейін мектеп директоры өзіміздің үміткерлердің ватсап тобына өзінің ағасының баласы Орман Бахадүрді жеңімпаз деп жариялайды, - дейді Динара Расулова.

Динараның қоғамдық қорғаушысы комиссияның жұмысына мектеп директорының араласуға пәрмені жоқ екенін айтады. Соған қарамастан білім ошағының басшысы комиссия шешіміне күмән туғызып, аудандық білім бөліміне арызданған. Одан соң үміткерлердің қатысуынсыз қайта екінші рет конкурс өткізіп, шешім шығарылған. Онда комисия мүшелері директордың інісін жеңімпаз деп таныған.

Мектеп басшысы Қорғанбаев Юсуфжан Орманұлы бұл конкурсқа қатысы жоқ болса, комисия мүшесіне қатысы жоқ болса, не үшін комисия өткеннен кейін ауданға барып арыз жазды? Яғни, мектептегі комисия қайта қаралсын біз сенімсіздік білдіреміз деп үсыныс тастаған. Оны бізге айтпай жүрген. Кеше жан жақты тексеру жүргізілгеннен кейін ол нәрсенің куәсі болдық, - дейді қоғамдық қорғаушы Самат Ахметжанов.

Бұл іске қатысты мектеп директорының айтар өз уәжі бар. Бюрократияға жол берген басшы білім ошағындағы педагогтердің 80 пайызы жақын туыстары екенін жасырмады.

Ханарық жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Юсупжан Қорғанбаев өзі мектеп директоры болғаны 3 туысын жұмысқа қабылдағанын айтады.  

Менен алдын кірген қарындастарым бар, сінлілерім бар. Мен директор болғаныма осы жылы 14 жыл болады. Содан бері қанша туысыңыз қабылданды? Қабылданғаны үшеу. Мектептегі мұғалімнің 80 пайызы менің қарындасым болады, - дейді Юсупжан Қорғанбаев.

Мәселеден Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы хабардар. Ол қыркүйектің басында өткен конкурстың шешімі күшін жойғанын айтты. Енді басынан бос жұмыс орнына конкурс жарияламақшы.

Біз комисияның несін тоқтаттық. Жойдық былайша айтқанда комисияның жұмысын. Өйткені оны дұрыс бағаламаған. Қазір құжаттар дайын тұр. Бұйрық шығады. Жаңадан комисия тағайындалады.  Енді үш мұғалімге қайтадан ваканцияға конкурс береді. Сол кезде үміткерлердің сертификаты қалып кетті деп жатыр. Құжаты қалып кетті деп жатыр. Енді өткізіп үлгереді. Бұл жерде қатты дау көтеретіндей мен көрмей тұрмын, - дейді Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев.

Білім бөлімінің басшысы 14 жыл  мектеп басқарған директорды орнынан алып тастауға қауқарсыз екенін мойындап отыр. Мәселені шешудің жалғыз жолы – ротация дейді ол.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: