Түркістан облысында мал жаюға шығып, жоғалып кеткен балалар табылды

29 Маусым, 11:48 325

16 жастағы екі жасөспірім бір күн бұрын таңертең мал жаюға шығып, бағдарынан адасып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Түркістан облысы Тәукент ауылынан 6 шақырым таулы жерде құтқарушылар іздестіру жұмыстары барысында тауда адасқан 2 жасөспірімді тапты. Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ, — деп жазды ведомстводан.

Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есептобы, ұшқышсыз ұшу аппараты мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: