Түркістан облысында көпбалалы әке қайтарымсыз грант арқасында цех ашты

6 Қыркүйек, 04:20 503

Түркістан облысында мемлекеттік қолдау арқылы қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқандар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Солардың бірі - Кентау қаласының тұрғыны Бақыт Ибраев, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Көпбалалы әке биыл өзі ұсынған бизнес-жоспарын ойдағыдай қорғап, грант жеңіп алған. Оған ол шұжық дайындайтын қажетті құрылғыларды сатып алған.

Жаңа кәсіпті бастап, бүгінде алға өрлеп келе жатқанына қуанамын. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, ісімді дөңгелетуде үлкен септігі тиді. Сұраныс та артып келеді. Болашақта химиялық қоспалары жоқ, нағыз еттен жасалатын шұжықтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмын,-дейді кәсіпкер.

Қала тұрғыны күніне 20-30 данаға дейін таза қара малдың етінен шұжық жасап шығаруда. Қазіргі таңда өнімін қала және қалаға қарасты ауыл дүкендеріне ұсынады.

Көпбалалы әке алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, өз кәсібін кеңейтіп, осы бағыттағы жұмыстарын әлі де дамытуды жоспарлап отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: