Түркістан облысында кішкентай бала өзенге батып кетті

4 Наурыз 2023, 23:34 1205

3 жастағы бала ата-анасының қарауынсыз қалған

Түркістан облысында кішкентай бала өзенге батып кетті, деп хабарлайды El.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

4 наурыз күні сағат 18-00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінің Жоғарғы Боралдай ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылы туылған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерде) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туылған бала суға түсуге жабдықталмаған жерде суға құлаған, үйге жақын маңда өзен бар екен, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды.

ТЖМ ересектерді қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Балалардың қауіпсіздігіне көп көңіл бөліп, балаларға қауіпсіздік шаралары туралы айтуды ұсынды. 18 жасқа толмаған балаларға үйден өз бетімен, ересек адамдарсыз шығуға болмайтынын ескертті.

EL.KZ
Бөлісу: