20.08.2025
20:00
401
Түркістан облысында интернет-алаяқтарға көмектескен шетелдік ұсталды

Түркістан облысында интернет-алаяқтарға көмектескен шетелдік ұсталды

Түркістан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топқа қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстан шекарасындағы «Капланбек» өткізу бекетінде шетел азаматы қолға түскен. Оның жанында арнайы «SIM-box» құрылғысы болған. Бұл құрылғының көмегімен алаяқтар қазақстандықтарға түрлі мобильді нөмірлерден қоңырау шалып, өздерін жасырып келген.

Қазір тергеушілер шетелдік азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.