05.01.2024
17:10
1478
Түркістан облысында ер адамның көлігінен екі қап есірткі анықталды

Түркістан облысында ер адамның көлігінен екі қап есірткі анықталды

Түркістан облысының полицейлері екі қап есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Батыс Қытай - Батыс Еуропа трассасының 601-шақырымында Honda Odyssey көлігі тоқтатылды. Көліктің жүксалғышынан екі қап есірткі табылды.

Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Тәркіленген заттың 40 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды, - делінген мәліметте.

Есірткіні заңсыз тасымалдау дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді.

Ер адам қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар, сондай-ақ есірткі жеткізу арналары анықталып жатыр.