Түркістан облысында ер адамның баланы аяусыз тепкілеген видеосы тарады

22 Ақпан, 09:55 1635

Түркістан облысында ер адамның баланы теуіп жатқаны видеосы тарады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада оқиғаның Түркістан облысында болғаны айтылып, құқық қорғау органдарынан шара қабылдауды сұраған. Осыған қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді.

Түркістан облысында жасөспірім балаларға қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр, - делінген полиция хабарламасында.

Істің тергелуі Түркістан облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: