Түркістан облысында бірнеше ауданды су басты

2 Ақпан 2023, 11:41 1881

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті

Түркістан облысында күн жылынып, таяуда жауған қалың қар тез еріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2 ақпан сағат 08:00-ден бастап таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтерілген.

Салдарынан Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды.

ТЖД қызметкерлері жаңбыр суын сору жұмысын жүргізіп жатыр.

50-ден астам құтқарушы, 10 техника және 20 мотопомпа жұмылдырылған.

EL.KZ
Бөлісу: