Түркістан облысында ауыл жастары жалғызбасты анаға баспана сыйлады

3 Қаңтар, 19:10 1224

Түркістан облысы Отырар ауданында бір отбасы қоныс тойын тойлады. Қарғалы ауданында тұратын жалғызбасты анаға ауыл жастары баспана сыйлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қажетті жиһаз және тұрмыстық техникасы бар үш бөлмелі баспананы табыстау рәсіміне ауыл округінің әкімі мен ақсақалдар және тұрғындар қатысды. Олар жалғызбасты ана Кенжекүл Батырбайқызының қуанышымен бөлісіп, ізгі тілектерін айтты.

Жаңа үйге кірген ауыл тұрғыны үлкен армандарының бірін орындаған жанашыр жандарға шексіз ризашылығын білдірді. 

Айта кетсек, баспанаға ие болған ананың осыдан бірнеше жыл бұрын жолдасы қайтыс болған. Жалғыз өзі бір ұл мен бір қызды тәрбиелеп отыр. Тұңғышы мүмкіндігі шектеулі жан.

Перизат Саденова
Бөлісу: