Түркістан облысында аулаларды су басты

8 Қараша 2022, 01:21 3430

Жеке сектордың 25 ауласын су басты

Түркістан облысында үздіксіз жаңбыр жауып, аулаларды су басты, деп хабарлайды El.kz.

"Табиғи құбылыстар салдарынан Төле би ауданының жеке балабақша ауласын және жеке сектордың 25 ауласын су басты. Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері суды сорып шығару және инертті материалдар салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізіліп, 200-ден астам қап төселді. Су жиналуы ықтимал жерлерге тағы 300-ге жуық қап төсеу жоспарланып отыр.

Атаулы көмек көрсетілуде. Алдын алу сипатындағы жұмыстар жалғастырылуда.

"Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, 8 қарашасында да өңірде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі.

EL.KZ
Бөлісу: