Түркістан облысында 53 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

20 Тамыз, 08:45 397

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 53 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентті.

Түркістан облысында 2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының саны 1 060-қа артқан. Бүгінде өңірде 530 мың оқушы болса, оның 52 593-ы биыл 1-сыныпқа қабылданады.

Жалпы Түркістан облысында 121 мектеп күрделі жөңдеу жұмыстарын қажет етеді. Бүгінде 66 мектептің жобалық сметалық құжаты дайын. Биыл 22 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 5 мектеп 2024 жылдың 1-қыркүйегінде пайдалануға берілмек. Өңірде «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы» аясында 2023-2025 жылдары аралығында 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланған. Ал 2024 жылы 22 900 орындық 29 мектеп қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, «Жайлы мектептердегі» педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен»  келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда 41 мұғалім білімін жетілдіруде. Бұдан бөлек, жаңа оқу жылынан бастап облыстағы бастауыш сыныпта оқитын 220 920 бала бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі»,- деді спикер.

Жандос Маханбетовтың айтуынша, биыл «Мектепке жол» акциясы аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топ отбасынан шыққан 60 693 балаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Әр баланың мектеп формасына 43 407 теңге берілген.  Сондай-ақ «AMANAT» партиясының Түркістан облысының филиалы әдеуметтік осал топ отбасыдан шыққан 16 балаға мектеп формасымен қоса оқу құралдарын алып берген. Одан бөлек  қоғамдық ұйым өкілі «Дәулеттен» ЖШС тарапынан жаңа оқу жылында 1 сыныпқа баратын 50 оқушыға көмек беруге ұсыныс білдіріп, тізімі жолданған.  

Перизат Саденова
Бөлісу: