Түркістан облысында 3 жасар қыздың өліміне полиция пікір білдірді

19 Мамыр, 23:54 944

Түркістан облысының полиция департаменті әжетханадан өлі табылған 3 жасар қыздың өлімінің мән-жайын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із-түссіз жоғалған қыздың денесін көрші үйдің даладағы әжетханасынан тапты.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында жоғалған үш жасар қызды іздеу жұмыстары 3 күн - 2024 жылғы 16 мамырдан бастап жүргізілген.

Перизат Саденова
Бөлісу: