Түркістан облысында 1500 адам бір уақытта жұмыссыз қалды

12 Қаңтар, 10:50 1443

Түркістан облысында мектеп күзетшілері жаппай жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облыстық прокуратураның баспасөз қызметі білім беру ұйымдары жұмыссыз қалған қызметкерлеріне тиесілі өтемақыны аудармағанын хабарлады. Министрдің бұйрығымен білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге өтуіне байланысты, оларды күзету жеке күзет агенттіктеріне берілгендіктен, 1 473 мектеп күзетшімен еңбек шарттарын біржақты бұзылған.

Түркістан облысы прокуратурасының өкілдері  жұмыс беруші енбек заңнамасының талаптарын бұза отырып, 934 жұмысшыға тиісті өтемақыны төлемеген айтты.

Оқи отырыңыздар:

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде, барлығы 115 млн теңге өтемақы төлемдері аударылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: