Түркістан облысында 11 адамның суға қалай кеткені айтылды

22 Тамыз 2023, 11:06 4777

Түркістан облысында бір әулеттің 11 адамы суға кетті. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туыстарының айтуынша, бір әулеттің мүшелері тойдан кейін демалуға тоқтаған. Ешкімнің суға түсу туралы ойы болмаған, яғни арнайы суға түсу үшін тоқтамаған. Жаға тайғақ болған соң біреуінің аяғы тайып кеткен. Артынша басқалары оны құтқаруға ұмтылған, - деді ол.

Әкімдік өкілінің айтуынша, барлығы тойдан кейінгі киімде болған. Яғни, олар суға түсуге немесе демалуға барды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Айта кетейік, суға кеткендердің барлығы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары екені анықталды. Белгілі болғандай, сол сегіз адамның алтауы кәмелетке толмаған (18 жасқа толмаған). Үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда, олардың екеуі кәмелетке толмаған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: