29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТөтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Түркістан облысының Сырдария өзенінде 11 адамның суға кеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ басшысы іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Іздеу жұмыстары жалғасуда. Төрт отбасы демалыста болған. Олар шомылуға арналмаған жерде суға түскен. Өкінішке қарай, салдары осындай болып отыр, - деді ол.
Ал тілшінің «қандай да бір лауазымды тұлғалар жауапқа тартыла ма?» деген сауалына:
«Мұның бәрі тергеу шараларының нәтижесіне қарап анықталады» деп жауап қатты.
Айта кетейік, кеше Сырдария өзенінде шомылып жүрген 11 адам суға кеткен. Олардың барлығы бір әулеттің адамдары екені анықталды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек