Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

31 Қазан 2022, 13:21 5597

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аппараттық кеңесте жаңа орынбасарын таныстырды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Ермен Кенжеханұлы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аппараттық кеңесте жаңа орынбасарын таныстырды. Ермек Кенжеханұлы бұл қызметте Ұлан Тәжібаевтың орнына келді, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.

Кенжеханұлы Ермек 1988 жылы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне енген.

Ұлыбританияның Рединг университетін, Кореяның Аджу университетін тәмамдаған. Мамандықтары – ауыл шаруашылығы саласындағы экономика, инвестицияларды басқару, іскерлікті басқару.

Еңбек жолын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның несиелік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері болып бастаған. Әр жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық жобалар және қаржылық құралдар департаментінің инвестиция басқармасының басшысы болды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық басқармасын, Ақтөбе облысы сыртқы байланыстар және туризм басқармасын, Ақтөбе облысы ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасын басқарды. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі болды.

2021 жылдан бері Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

EL.KZ
Бөлісу: