Түркі универсиадасында қазақстандық студенттер тағы 3 алтын жеңіп алды

Түркі универсиадасында қазақстандық студенттер тағы 3 алтын жеңіп алды

III Түркі универсиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 3 алтын медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Дзюдо жарыстарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенті Әділет Ахметғали, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Мұхамедәлі Мавлидов пен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Жасұлан Халхабаев чемпиона атанды.

Жалпы есеп бойынша Қазақстан спортшыларының еншісінде 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль бар.

Айта кетсек, III Түркі универсиада Қырғыз елінде өтіп жатыр.