Түркі мемлекеттерінің сауда динамикасы 25 млрд долларға өседі

21 Желтоқсан 2022, 10:35 1528

Орталық Азия медиа форумының екінші күнінің панельдік сессиясы басталды

Форум алаңында Түркі мемлекеттер ұйымының сарапшылары "Халықаралық ұйымдар – ынтымақтастық көпірі» тақырыбында пікір алмасты. Сауда өнімдері мен экономикалық әлеуетті жоғарылату бойынша бағдарламалармен таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Эксперттер халықаралық ұйымдармен біріге отыра салааралық деңгейдің тұрақтылығын сақтау керектілігін алға тартты. Геосаяси жағдай кезеңінде туындаған қиындықтар алдағы уақытта қайталанбас үшін жекешелену арқылы жаңа бағыт құру қажет екендігін жеткізді.

«Алдағы бес жылдықта тілі мен діні ұқсас бес мемлекеттің ынтымақтастығын барлық сала бойынша әлеуетін жоғарылататын боламыз. «20-40»» бағдарламасы аясында энергетика, экономика және көлік мәселесі бойынша үлкен прогреске қол жеткіземіз. Ресей мен Украина арасында болған қақтығыс та бізге үлкен сабақ болды. Тілі мен діні бір елдердің жекешеленуі қажеттілігі туындады. Қазіргі кезде экономиканы көбейту 700 млнды құрап отыр» - деді Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев.

Сонымен қатар, ТрансКаспий дәлізін кеңейту жобасы қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

«Транспорт мәселесі кең ауқымда шешімін тауып жатыр. ТрансКаспий арқылы Батыс елдеріне тауарларды жеткізу оңайға соқпақ. Аталмыш дәліз арқылы Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Түркменстан елдеріне арнайы логистика құрылатын болады» - деді Кубанычбек Омуралиев.

Сөз соңында жекеменшік және мемлекеттік баспасөз өкілдерімен бірлесе отыра жаңа бағытта жұмыс істеу керектігін айтты. Сонымен қатар медианың ортақ платформасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен бірлесіп жүзеге асырылатынан атап өтті.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: