Түркі мемлекеттері ұйымының құрылғанына 15 жыл толды

3 Қазан, 14:36 458

15 жыл бұрын дәл осы күні Нахчыван қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойылып, кейін ол Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) болып өзгертілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ТМҰ өзін бейбітшілік пен тұрақты дамуды нығайтуға үлес қосуға ұмтылатын халықаралық қатынастардың толыққанды және беделді субъектісі ретінде жариялай алды.

Түркі интеграциясы транзит және көлік, экономика, экология, ғылым, білім, өнер, туризм, спорт мәселелерінен бастап қомақты гуманитарлық блокпен аяқталатын кең ауқымды ынтымақтастықты қамтиды.

Қазақстан ТМҰ қызметі аясында интеграцияны дамыта отырып, Ұйымның бастамашысы және негізін қалаушы мемлекеттердің бірі.

Бұған түркі елдерінің бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған, сегіз басымдықты қамтитын «TURKTIME!» ұранымен қабылданған ағымдағы жылы Қазақстанның ТМҰ-дағы төрағалығының бағдарламасы дәлел.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: