12.06.2025
19:08
928
Түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесі Алматыға табысталды

Түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесі Алматыға табысталды

Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының Жастар және спорт министрлерінің жетінші отырысы өтті. Аталған жиында «Ленкорань – Түркі әлемінің жастар астанасы» атты халықаралық бағдарламаның жабылу салтанаты болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жастар делегациялары қатысты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жиын аясында кәмелетке толмағандарға арналған волонтерлерді оқыту бағдарламасы мен ТМҰ үлгісін құру жөніндегі конференция ұйымдастырылды. 

Айта кетсек, бұған дейін Будапештте өткен ТМҰ-ның бейресми саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Алматы қаласы Түркі әлемінің жастар астанасы болатынын мәлімдеген еді.