The Independent басылымы мәлімдегендей, туристер Reddit платформасындағы талқылаулар арқылы қай елдерде такси қызметіне қатысты алаяқтық жиі болатынын анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
AllClear компаниясы 500-ге жуық жазбаны және 30 мың пікірді сараптап, ең көп шағым айтылған елдердің рейтингін құрды.
Бірінші орында: турист ең көп баратын Түркия тұр. Әдетте шетел азаматтары әуежай аймағынан такси шақырған кезде алданып қалып жатады. Ал, түрік таксиіне міңген үш жолаушының екеуі, қала ішінде өте қымбат баға сұрағанын айтады.
Екінші орында: жылына 10 миллион турист қабылдайтын Үндістан орналасқан. Сондай-ақ ондыққа демалушылар өте көп баратын Тайланд, Вьетнам, Мысыр, Аустралия, Мексика, Марокко, АҚШ және Канада кірген.
Қазақстан туралы пікірлер:
Қазақстан бұл тізімге енбесе де, Reddit қолданушылары Алматы әуежайынан қалаға дейінгі қымбат тарифтер туралы бірнеше жағымсыз жағдайды жазған.
Туристердің бірі 30 минуттық жолдың 36 мың теңге шығуына таң қалғанын айтады. Басқа бір топ шетелдіктерден таксист 30 мың теңге сұраған.
Такси жүргізушілерінің ең көп қолданатын айлалары
Зерттеу барысында туристерді алдаудың бес негізгі түрі анықталған:
Мамандардың кеңесі: маршрутты GPS арқылы бақылау, сапар бағасын алдын ала білу, тек ресми такси қызметін пайдалану қажет. Сол кезде сіздің бағытқа тікелей бара жатыр ма, әлде айналмалы жолмен уақыт созып жүр ме бірден аңғаруға болады.