Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері басталды

25 Маусым, 20:52 807

Астанада Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған гала концерт өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет күніне байланысты Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театр фойесінде Түрікменстанның халықтық-қолданбалы өнер және музей құндылықтары көрмесінің ашылды.

Сурет: ©El.kz/Артем Чурсинов

Көрмеге Түрікменстанның шеберлері жасаған бұйымдар, ұлттық аспаптары, киімдері мен кілемдері қойылды.

Суреттер: ©El.kz/Артем Чурсинов

Мәдениет күніне орай ұйымдастырылған гала концертке екі елдің де Мәдениет министрлігінің өкілдері қатысты.

Сурет: ©El.kz/Артем Чурсинов

Бүгін - расымен де ерекше кеш. Бүкіл дүниежүзі білетін ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін ұлы түрікмен ақыны Махтумкули Фрагидің 300 жылдығы аясында осындай ауқымды шара өткізіліп жатыр. Махтумкулидің жанында біздің Құрманғазының ескерткіші қойылды. Елімізде де түрікмен ақынының ескерткіші бой көтеріп жатыр. Күзде ұлы Абай Құнанбайұлының да ескерткіші ашылатынын айтқым келеді. Осындай игі іс-шаралар екі мемлекетті дамытып, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді арттыратынына толық сенімдіміз. Ұлттық кітапханада түрікмендердің көптеген шығармалары таныстырылды, - деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов.

Сурет: ©El.kz/Артем Чурсинов

Гала концертте Түрікменстанның ұлттық ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі әндер шырқалды. Көрермен үшін ұлттық билерін билеп, аспаптарда ойнады.

Сурет: ©El.kz/Артем Чурсинов

Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күні үш күнге созылады.

Суреттер: ©El.kz/Артем Чурсинов

Миражан Махан
Бөлісу: