10.03.2023
13:05
1138
Түрікменстанмен әуе қатынасы қайта ашылады

Түрікменстанмен әуе қатынасы қайта ашылады

Биыл 26 наурыздан бастап Алматы – Ашхабад бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстері қайта жанданады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс аясында Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады.
"Осылайша, "Түрікменстан" әуе компаниясы 2023 жылғы 26 наурыздан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр", - делінген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.