Түрікменстанда жер сілкінді

16 Тамыз 2023, 20:15 1287

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 16 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 07:37-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 1973 шақырым жерде Түрікменстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 13.2. MPV магнитудасы - 5,8. Эпицентр координаттары - 40.94° с.ш. 53.47°. Тереңдігі - 30 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ, - делінген кезекші оператордың хабарламасында.

 

Берік Арманов
Бөлісу: