ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияда ҚР азаматы ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл 31 тамызда Бурса қаласында 1993 жылы туған ҚР азаматы түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, -деп атап өтті ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Мекеме ақпараты бойынша, ұсталған қазақстандық қыз 2018 жылдан бері Түркияда тұрған.
Ол қаза тапқан азаматпен бірге тұратын. Кезекті тұрмыстық ұрыс кезінде қыз оны пышақпен жаралап, мерт болған, - деп толықтырды ведомство.