Тұрғын үй кезегіне қою кімдер үшін проактивті түрде жүргізіледі?

13 Тамыз 2023, 05:30 1305

ИИДМ-де баспанаға мұқтаж азаматтардың кезекке тұру мәселелеріне байланысты зерттеу жұмыстары іске асырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп(Цифрлы үкіметті қолдау орталығының базасында), Invisible Government жобасы аясында «Тұрғын үйгекезек» брейнштромингін өткізді.  

Айталық, Денсаулық сақтау министрлігі, Астана қаласының тұрғын үй басқармасы және тұрғын үйинспекциясы, «Отбасы Банкі», Өмірлік қиынжағдайда қалған балаларды қолдау орталығы жәнеАстана қаласының балалар үйі өкілдерінің қатысуымен баспанаға мұқтаж адамдар қатары қалыптастырылды. Оған жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар кірді.

Брейнштормингтің барысында негізгі санатты айқындаумен бірге олардың басымдылығына байланысты өзекті мәселелер де айтылды. Мәселен, жетім балалардың кәмелет жасқатолғаннан кейін жинақталған жәрдемақыны мақсатсыз пайдалану мен заңнамадағы нормаларды өзгерту бойынша ұсыныстар жасалды.

Сонымен қатар респонденттер арнайы онлайн сауалнамадан өтті. Оның нәтижесінде олар ұзақжыл бойы үй кезегін күтуге мәжбүр екендерін, жалған ажырасу фактілерінің болуы мен мүгедектікті тағайындау бойынша проблемалардың бар екенін жеткізді. Осылайша, аталған санаттағы азаматтарға қолдау көрсетуді жалғастыру үшін реинжиниринг тетігі бойынша керіс байланысжасалды.  

Брейнстормингтің қорытындысы бойынша негізгі топқа кіретін адамдарды тұрғын үй кезегіне қою үшін бұл қызметті проактивті форматта көрсету бастамасы көтерілді.

Министрлік жоғарыда айтылған санаттарғакіретін азаматтарды кезекке өтінішінсіз тұрғызу үшін проактивті хабарламаны жолдау мақсатында кезекте тұрғандардың бірыңғай ақпараттық жүйесінен эталондық деректерді автоматты түрдеалу үшін қажетті АЖ-мен интеграциялау бөлігіндетиісті жұмыстарды жүргізетін болады.

Берік Арманов
Бөлісу: