Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы схемаға сәйкес Тұран даңғылының жергілікті жол жүру учаскесінде кәріз желісін кесу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті жол жүру учаскесі осы жылдың 3-5 тамызы аралығында толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.