17.08.2023
09:14
1656
Тұңғыш рет: «Манчестер Сити» УЕФА Суперкубогын иеленді

Тұңғыш рет: «Манчестер Сити» УЕФА Суперкубогын иеленді

«Манчестер Сити» тұңғыш рет УЕФА Суперкубогын иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ағылшынның «Мансити» клубы УЕФА Суперкубогы үшін таласта Испанияның «Севилья» клубын ұтты.

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. «Севильядан» Юссеф Эн-Несири 25-минутта есеп ашса, «Манчестер Сити»сапынан 63-минутта Коул Палмер таразы басын теңестірді.

Пенальти сериясында ағылшын командасы 5:4 есебімен жеңіске жетті. «Севилья» клубының жартылай қорғаушысы Неманья Гудель тепкен доп қақпадан қиыс кетті.

2022/23 маусымда «қалалықтар» Чемпиондар лигасында да алғаш рет топ жарды.