19.10.2022
17:13
2128
Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәртебесі өзгереді

Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәртебесі өзгереді

Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізетін Үкімет қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 22-32-18/22-2447-5 қбп тапсырмасын орындау мақсатында, онда 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастап, Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты мерекелеуді айқындау ұсынылады», - делінген қаулы жобасында.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болған.