Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікБаспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығы жарияланды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
– Биыл отандық телевизияның үздіктері «Тұмар» сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Осы орайда біз басқа БАҚ өкілдерінің еңбегін де ескергенді жөн көрдік, - деп жазады министр. Ол сондай-ақ байқаудың шарты мен мақсатына тоқталып: «Сонымен, баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығын жариялаймыз. Басты мақсат – талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету. Байқаудың қазылар алқасы осы саланың майталмандары мен қоғам қайраткерлерінен және сарапшылардан құралады. Қазылардың толық тізімі алдын ала жарияланады» - деп жазды. Министрдің сөзінше, сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, «Үздік фотосурет», «Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал» және «Қазнеттегі медиа серпіліс» сияқты бағыттар қамтылады. Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады, сыйлыққа қатысты егжей-тегжейлі ақпарат та сонда болмақ. Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді