Түнгі клубта жаға жыртысқан полицейлер қызметінен қуылды

28 Қараша 2023, 10:10 885

Ақтау қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі полиция қызметкерлерінің төбелескені, тіпті асхана пышағын қолданғаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат ақпарат агенттігі.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркеліп, тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті «жанжалда пышақ қолданылды» деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Еске салайық, жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: